Now Reading
2021 жылы студенттердің стипендиясы артады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2021 жылы студенттердің стипендиясы артады

2021 жылы студенттердің стипендиясы артады

2021 жылы студенттер стипендиясы 20% пайызға өседі. Магистранттар және докторанттар стипендиялары 15% -ға артады.  Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«2021 жылы студенттің мемлекеттік стипендиясының мөлшері 31 мыңнан астам теңгені, магистранттың – шамамен 76 мың теңгені, докторанттың – 172 мың теңгені құрайды. Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай студенттердің, магистранттардың және докторанттардың стипендиясын кезең-кезеңмен өсіру көзделген. Егер студенттер туралы айтатын болсақ, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап болашақ педагогтардың стипендиясы 42 000 теңгеге дейін өсті», – деді министр.

Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов биыл студенттерге, магистранттар мен докторанттарға стипендия төлеудің жаңа жүйесі әзірленгенін айтты. Енді олар алушылардың карточкалық шоттарына тікелей түседі. Министр атап өткендей, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды және ақша қаражатын бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұған дейін стипендия университетке түсіп, кейін студенттерге аударылатын. Пилоттық жобаны іске асыру басталды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...