Now Reading
Нұр-Сұлтанда бизнес-идеяларды іске асыру үшін конкурс жарияланды, жеңімпаздар гранттарға ие болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтанда бизнес-идеяларды іске асыру үшін конкурс жарияланды, жеңімпаздар гранттарға ие болады

Нұр-Сұлтанда бизнес-идеяларды іске асыру үшін конкурс жарияланды, жеңімпаздар гранттарға ие болады

Грант сомасы екі миллионнан бес миллион теңгеге дейін.

 

Нұр-сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарға конкурс жариялады, деп хабарлады елорда әкімдігі.

 

«Бизнестің жол картасы-2025″ бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге тегін негізде беріледі», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Грант сомасы-екіден бес миллион теңгеге дейін. Байқауға қатысу үшін Qoldau цифрлық бизнес платформасына тіркелу қажет. Бұдан әрі үміткерлер бекітілген нысан бойынша өтінімді электрондық нысанда ұсынады. Содан кейін конкурстық құжаттаманы 28 маусым мен 12 шілде аралығында ұсыну қажет.

 

Байқау екі кезеңде өтеді:

 

Құжаттар тізбесін бағдарлвма шарттарына сәйкестігін тексеру.

 

Комиссия алдында бизнес-жобаны қорғау.

 

Қосымша ақпаратты Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің сайтынан, сондай-ақ uir.astana.kz сілтемесі бойынша оқуға болады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...