Now Reading
Қостанай облысында студенттерге жұмыс үшін ақы төленбеген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қостанай облысында студенттерге жұмыс үшін ақы төленбеген

Қостанай облысында студенттерге жұмыс үшін ақы төленбеген

Қостанай облысында «Студенттік әлеуметтік несие» жобасының қатысушылары тиісті төлемдерсіз қалған. 

Өткен жылдың соңында облыстағы 19 колледждің 155 студенті қарттар үйінде, зейнеткерлердің аулаларында жұмыс істеді және әлеуметтік жағынан осал азаматтарға үй жұмыстарына көмектесті. Бұл жұмыс үшін келісімшартта сағатына 1000 теңге көлемінде ақы төлеу қарастырылған. Бағдарламаға сәйкес бір студентке минималды жұмыс көлемі — 20 сағат, максимум – 50 сағат. 

Жастар өздерінің еңбек міндеттерін орындаған, бірақ еңбек төлемі сегіз айдан бері тек қағаз жүзінде қалып келеді. 

Артём Фогель, Қазақстан агротехникалық колледжінің студенті: 

— Бізден сұраған барлық құжаттарды жібердік: есептер, күнделіктер. Жауап күтіңіздер деді. Әлі бірде бір колледж төлем алған жоқ деп жазды. Осы жауап бізге неше уақыттан бері айтылып келеді. 

Әсет Айсин, депутат. Облыстық білім басқармасының бастығы: 

— Өткен жылы колледждер бұл жобаға бірінші рет қатысты, ал төлем механизмі болған жоқ. Биыл 10 маусымда Білім және ғылым министрлігінің осы жобаға қатысқан студенттерге ынталандыру төлемі туралы бұйрығы шықты. Облысқа 4,5 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат колледждердің есепшоттарына аударылады. Тиісінше колледждер осы жылдың шілде айында өз студенттерінің тізімін жасайды. 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...