Павлодар қаласындағы №36 мектептегі лагерьде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Ұлттық ойындар күні ұйымдастырылды.
«Лагерьдегі таңғы жаттығулар қазақтың халық биі, қара жорға ырғағымен басталды. Содан кейін күндіз мектеп оқушылары Нұр-Сұлтан қаласының салауатты өмір салты орталығының маманы Темірханова Асия Амангелдинқызы және мектеп мұғалімдерімен бірге заманауи сипатқа сай модернизацияланған қазақтың ұлттық ойын түрлері: қазақша күрес, тоғыз құмалақ, аламан бәйге, көкпар, алтыбақан, аударыспақ, жамбы ату, арқан тарту, қыз қуу, теңге ілу ойындарымен танысты», — деп хабарлады Павлодар облысының білім басқармасында.
Іс-шараға 300-ден астам мектеп лагерінің оқушылары қатысты.
«Ұлттық ойындар өте маңызды, өйткені олардың қоғамдағы өмір құрылымы туралы терең философиялық мәні бар. Шындығында жас ұрпаққа сабақ ойын түрінде өткізілді. Қазақтың халықтық ойындары ата-бабасынан бастап өркениеттік даму деңгейіне жеткен ұлттық құнды мұралардың бірі болып саналады», — дейді Дмитрий Карпеченко, мектептің дене шынықтыру мұғалімі.