Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында Олимпиада күні өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында Олимпиада күні өтті

Нұр-Сұлтан қаласында Олимпиада күні өтті

Елордалық Триатлон саябағында халықаралық Олимпиада күніне орай спорттық жарыстар мен ойындар өтті.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті маусым айын олимпиадалық жарыстарға арнайды. Маусым айы толығымен халықаралық олимпиадалық қозғалыс және Қазақстанның «Біз біргеміз! Тезірек, биік, мықты — бірге!» деген ұранымен өтеді.

23 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында 3х3 баскетбол, стритбол, стрит воркаут ойындары, каноэшілер мен текболдан қалалық спорт фестивалі өтті. Текбол деген салыстырмалы түрде алғанда жаңа спорт түрі, үстел теннисі мен футболдың буданы. Текболды жасаушы команда оны олимпиадалық бағдарламаға жаңа спорт түрі ретінде енгізу үшін белсенді түрде насихаттауда. Токио-2020 үстел теннисінен олимпиадалық құраманың мүшелері Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова елорданың жас тұрғындарына шеберлік сыныбын өткізді.

Нұр-Сұлтан — спорт қаласы. Жыл сайын елордада 700-ге жуық спорттық және дене шынықтыру шаралары өткізіледі. Қалада 800-ге жуық спорттық нысандар мен кешендер бар. 30 мың орындық «Астана Арена» стадионынан бастап көшелердегі ықшам стадиондарға дейін. Кез келген адамға жаяу қашықтықта жаттығу жасауға арналған орын бар.

Келесі жылы Қазақстан олимпиадалық қозғалысқа қатысудың 30 жылдығын атап өтеді. Тәуелсіздік жылдарында біздің спортшылар 6 жазғы және 7 қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, 77 Олимпиада медалін жеңіп алды, оның 16-сы алтын.

«Барлық қазақстандықтарды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтаймын! Бұл мерекеге бүкіл елдің қатысқаны өте жақсы, бұл көпшілік қозғалысты таңдайды дегенді білдіреді. Олимпиадалық көңіл-күй жаз бойы сақталуы керек, себебі біздің спортшылар Токио олимпиадасына сапар шегеді. Біз, олимпиадашылар, барлық қазақстандықтарды бізді қолдауға шақырамыз. Осы Олимпиадада сіздің қолдауыңыз өте қажет. Біз үшін әр жанкүйердің назары маңызды», дейді Рио Олимпиадасының жүлдегері Василий Левит

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде команданың бірінші бөлігі Токиоға аттанады. Олимпиадашылар мен белгілі чемпиондар балалармен және жастармен кездесулер өткізуде. Спортшылар қазақстандық жас ұрпақ патриотизмді, спорт пен денсаулықты таңдайды деп сенім артады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×