Now Reading
Ұлттық Банк номиналы 200 теңгелік банкнотты төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға міндетті екенін еске салды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ұлттық Банк номиналы 200 теңгелік банкнотты төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға міндетті екенін еске салды

Ұлттық Банк номиналы 200 теңгелік банкнотты төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға міндетті екенін еске салды

Ұлттық Банкке қазақстандықтардан кәсіпкерлер бұл купюраны қабылдаудан бас тартатыны туралы шағымдар келіп түсуде.

 

Номиналы 200 теңгелік банкнотты төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға міндетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол ақша айналысы департаментінің басқарма бастығы Динара Даутова мәлімдеді.

 

«Ұлттық Банкке халықтан өтініштер келіп түсуде. Адамдар кәсіпкерлер номиналы 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайларға шағымданады. Ұлттық банк олардың заңды төлем құралы болып қала беретінін, 200 теңгелік монеталармен қатар айналыста екенін еске салады. Оларды төлемдердің, банк операцияларының және аударымдардың барлық түрлері бойынша қабылдауға міндетті», – деді Динара Даутова.

 

Ол 200 теңгелік қағаз банкнотты банктердің барлық бөлімшелерінде және «Қазпошта» АҚ-да, сондай-ақ Ұлттық Банк филиалдарында айырбастауға болатынын еске салды. Олар тозуына қарай ғана айналымнан алынады.

 

«Мұндай банкноттарды қабылдаудан бас тарту әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Егер сізде номиналы 200 теңгелік купюраларды қабылдамаса, жақын жердегі Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жүгіну қажет. Бейнетіркеуді жүргізуге немесе банкнотты қабылдаудан бас тартудың жазбаша негіздемесін талап етуге кеңес береміз», – деп қосты ҚҰБ өкілі.

Ұлттық банк филиалдарының мекенжайлары мен байланыс телефондары осы жерде көрсетілген. Қосымша сұрақтар бойынша 1477 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...