Елорданың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
Ашық жобасына қатысатын нысандарда ас беруден басқа жиындарға, бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде отбасылық шараларға, мерейтойлық іс-шараларға, митингтер мен еску алу шараларыгп тыйым салынды.
Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтарының жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, демалыс күндері (оларда орналасқан дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді және Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) жұмыс жасауға тыйым салынады.
Мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар 50% жұмыс істейді, бірақ жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге 30 орыннан аспауы тиіс, демалыс күндері жұмысқа тыйым салынады және ашық ауада жұмыс күндері мен демалыс күндері 07.00-ден 22.00-ге 30 орынға дейін рұқсат беріледі.
Азық-түлікке жатпайтын нарықтарға арналған жұмыс кестесі бойынша сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынған. Жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін (оларда орналасқан COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттерін қоспағанда).
Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар қызметкерлердің кем дегенде 80% қашықтықтағы жұмысқа ауыстыруы тиіс. Ауырып болған немесе вакцина алғандар әдеттегідей жұмысын жалғастыра алады.
ЖОО мен колледж студенттерінің бітіру емтихандары қашықтан өткізіледі
Жаңа ережелер 27 маусымда күшіне енеді.