Now Reading
Өзбекстандағы ультрамарафонда қарағандылық азамат бірінші болды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Өзбекстандағы ультрамарафонда қарағандылық азамат бірінші болды

Өзбекстандағы ультрамарафонда қарағандылық азамат бірінші болды

26-27 маусым аралығында Өзбекстанның Заамин ұлттық табиғи паркінде Zaamin Ultra халықаралық марафоны өтті. Оған 600-ден астам әр түрлі жастағы және әр түрлі мамандықтағы жүгірушілер қатысты.

Марафонға Қарағанды облысының үш тұрғыны ерлі-зайыпты Думан мен Ақмарал Бейсенаевтар және Дулат Ақбанбетов қатысты.

«Мен спортпен әскер қатарында болғаннан кейін 22 жастан айналыса бастадым. Мен шаңғы тебуді, велосипед тебуді, жүгіруді, жүзуді, түрлі марафондарға қатысуды, соның ішінде саяхаттауды ұнатамын. 2018 жылы Алматы қаласында өткен TengriUltra ультрамарафонына қатысып, 70 км қашықтықты бағындырып, үшінші орынға ие болдым. Сол марафонда жарақат та алдым, содан кейін ұзақ қашықтыққа жүгіруді тоқтатқан едім. Бірақ Заамин Ультра туралы білгеннен кейін қатысуға бел будым. Мұнда өте әдемі жерлер бар: таулы шыңдар, мөлдір өзендер, жап-жасыл алқап. Сондықтан әйелім екеуміз қатысуға бел будық», — деді Думан.

Думан өзі үшін әрбір бастама сынақ және үлкен тәжірибе екенін мойындайды. Жарыс жолы теңіз деңгейінен 2250 метр биіктіктегі асфальт серпантинді жолда өтті. Әуесқой спортшы 21 км қашықтықты 1 сағат 54 минутта жүгіріп өтіп, мәре сызығын бесінші болып кесіп өтті. 30–39 жас аралығындағы ерлер арасында Думан бірінші орынды иеленіп, 400 мың өзбек сумасына сертификат алды. Оның әйелі Ақмарал символикалық екі шақырымға жүгіріп өтіп, қатысқаны үшін медаль алды.

23 жастағы Дулат Ақбанбетов қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері. Заамин Ультра Думан үшін әуесқой спортшы ретінде қатысқан алғашқы марафондардың бірі болды. Дулат 50 км жүгірді. Бұл қашықтықты 7 сағатта жүріп өту керек болды. Думан болса бұл қашықтықты 6 сағатта аяқтады.

«Марафонның күрделі маршрутына қарамастан, біз табиғаттың сұлулығына таңдануды тоқтатқан емеспіз. Марафон барысында кейбір таулардан өтіп келесі таудың артында бізді қандай сурет күтіп тұр деген ойда болдық. Марафон көптеген жағымды эмоциялар қалдырды, санамдағы кедергілерді алып тастадым, мүмкін емес нәрсе жоқ екенін тағы бір рет дәлелдедім», — деді Дулат.

Ультрамарофонға Өзбекстан, Қазақстан, Украина, Ресей, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Германия, Қырғызстан, Ливан, Нидерланды, АҚШ, Түркия және Францияның жүгірушілері қатысты.

Zaamin Ultra мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған Samarkand Half Marathon қайырымдылық жүгіру сериясына енді. Марафонға қатысу жарналарынан түскен барлық қаражат қайырымдылыққа жіберіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×