«Нұр Отан» ХДП білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында офлайн тәртіпте оқыту кезінде мектеп оқушыларын бөлуді қалай жоспарлайтындығы талқыланды, — деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова офлайн оқуға қайта оралу барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатынын атап өтті.
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мектептерде дәстүрлі оқыту форматына көшу үшін мұғалімдер мен қызметкерлерге 100% вакцина егу қамтамасыз етілуі тиіс деп түсіндірді.
«Мектептердегі бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады, сабақтарды бөлуге және түрлі сыныптарға арналған қоңырауларды өзгерту, асханаларда тамақтануды ұйымдастыруды бақылау күшейтіледі. ЖОО-ға келетін болсақ, 18 жастан асқан студенттер вакцина алуы немесе қашықтықтан оқытуға ауыстырылуы керек», — деді Ерлан Қиясов.
Республикалық физика-математика мектебінің төрағасы Ғабит Бекахметов оқушыларды бастауыш, орта және жоғары сынып блоктарына бөлуді ұсынды. Егер коронавирус анықталса, бүкіл мектеп емес, белгілі бір блок карантинге жабылады.
«Білім беру ұйымдарының басшылары оқушылардың физикалық бөлінуіне қатысты нақты ұсыныстар беруі керек, мысалы, қоңырауларды әр түрлі уақытта жасап қана қоймай, сонымен қатар әр блок үшін оқу күнінің басталуы мен аяқталуы туралы да нақты ұсыныс керек», — деді Ғабит Бекахметов.
Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтулеев студенттер мен оқытушылар вирус жұқтыру қаупі жоғары қоғамдық көліктердегі бақылауды күшейту қажеттігіне назар аударды.
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 қыркүйектен бастап жалпы республика бойынша 7475 мектеп ашу жоспарланып отырғанын айтты.
Сонымен қатар кеңес мүшелері педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігін педагогикалық емес мамандықтарға техникалық мамандарды тартуды ұсынды.