Now Reading
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімін жариялады.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2021 жылғы 8 шілдедегі шешімінің қорытындысы бойынша

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері:

Стипендия магистратура мен докторантурада оқитын, сондай-ақ шетелдегі ғылыми және өндірістік орталықтарға тағылымдамадан өтуге жіберілетін 113 үміткерге берілді.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға барлығы 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінген. Тағы 500 стипендия  «ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша бөлінді. Бұл санат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген.

Сондай-ақ, комиссия «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде тағылымдамалардың жаңа санатын бекітті. Енді осы бағдарлама бойынша мәдениет және спорт саласының қызметкерлері тағылымдамадан өте алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 мамырда басталып, 28 қазанға дейін жалғасады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...