Now Reading
Қазақстанда 21 шілдеде теледидар мен радио жұмыс істемейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда 21 шілдеде теледидар мен радио жұмыс істемейді

Қазақстанда 21 шілдеде теледидар мен радио жұмыс істемейді

Ағымдағы жылы 21 шілде күні сағат 03.00-ден 17.00-ге дейін жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

21 шілдеде жоспарланған жұмыс уақытында Қазақстанда теледидарлар мен радио сөндіріледі, деп хабарлайды ҚР АҚДМ Ақпараттық комитетінің сайты.

03.00-ден 17.00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарындағы қызметтер жабылып жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта телерадиоарналарды Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша тарату тоқтатылады.

Осындай жоспарлы профилактикалық жұмыстарды «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жүргізіп отырады. Компания бұл сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет деп атап өтті. Тоқсан сайын жүргізілетін жоспарлы-профилактикалық жұмыстар хабар таратуды ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, осы уақыт аралығында техникалық құралдарды жаңарту бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
0
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.