Тұрғын үй кезегіндегі адамдардың электрондық базасы бұл деректерді әрдайым дұрыс көрсете бермейді.
Нұр-Сұлтан қаласында отбасылық жағдайы өзгерген тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар ХҚКО-ға ажырасқаны туралы хабарлау қажет, деп хабарлады «Тұрғын үй қоры» КММ.
Департамент тұрғын үй кезегіндегі адамдардың электрондық базасы әрқашан отбасылық жағдайдың өзгеруін көрсете бермейтіндігін айтты.
«Мысалы егер сіз некеге тұрғанда кезекке тұрған болсаңыз, бірақ кейін ажырасқан болсаңыз, электронды базада сіздің ажырасуыңыз туралы деректер көрінбеуі мүмкін. Бұл жағдайда кейіннен сіздің бұрынғы жұбайыңыз ажырасқаннан кейін үйлі болып жатса, содан кейін электронды база сізді автоматты түрде үй кезегінен алып тастайды, өйткені база сіздің ажырасқаныңызды көрмеуі мүмкін», — делінген хабарламада.
Мұндай жағдайдың ықтималдығын жою үшін Тұрғын үй қоры азаматтарды тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға хабарласуға шақырды. Жұбайын отбасынан шығару туралы жазбаша өтініш беру керек, сондай-ақ келесі құжаттар тізбесін ұсыну қажет:
• жеке куәлік;
• некені бұзу туралы құжат немесе сот шешімі.