Now Reading
30 мыңнан астам Telegram қолданушы қазақстандықтардың мәліметтері желіге тарады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 30 мыңнан астам Telegram қолданушы қазақстандықтардың мәліметтері желіге тарады

30 мыңнан астам Telegram қолданушы қазақстандықтардың мәліметтері желіге тарады

30 мыңнан астам қазақстандық қолданушылардың Telegram аккаунттарының деректері желіге тарады. Бұл туралы KZ-CERT компьютерлік жайттарға жауап беру қызметінде айтылды.

«Интернеттің қазақстандық сегментіне ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіру барысына мониторинг жүргізу кезінде «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның «KZ-CERT компьютерлік жайттарға жауап беру қызметі» Telegram каналдарының бірінен Telegram қолданушыларының жеке мәліметтерінің 744 000 жазбасы бар файл тауып алған.

Талдау нәтижесінде, бұл файлда пайдаланушының идентификаторы, аты, тегі, телефон нөмірі және «өзім туралы» бағанынан пайдаланушының сипаттамасы сияқты жеке деректер бар екендігі анықталды. Сонымен қатар қазақстандық телефон нөмірлеріне 30 мыңнан астам шот тіркелді», — делінген хабарламада.

Telegram каналының авторы файлды «Құдайдың көзі» платформасының клиенттік базасы ретінде сипаттайды. Бұл ТМД-дағы ең үлкен қызмет (1 миллионнан астам қолданушы бар). Бұл платформа өтінім жасау арқылы пайдаланушылардың жеке мәліметтерін әлеуметтік желілерден, жедел хабарламалардан, іздеу жүйелерінен және басқа ақпарат көздерінен алуға мүмкіндік береді.

«Бұл жеке мәліметтердің ағыны киберқылмыскерлердің әлеуметтік инженерияда ақпаратты пайдалануында, атап айтқанда жеке және банктік деректерді алу үшін қоңырау шалу және хабарлама жіберу кезінде үлкен қауіптерге әкеледі.

Осыған байланысты біз Интернеттің қазақстандық сегментінің барлық қолданушыларына кибергигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы ескертеміз, сонымен қатар Интернетке жеке деректеріңізді енгізген кезде қырағылық танытып, жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуді сұраймыз», — деп қосты Компьютерлік жайттарға жауап беру қызметі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×