Now Reading
Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау байқауы басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау байқауы басталды

Қазақстанда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау байқауы басталды

» Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша байқаудың басталғаны туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылы 3 млн теңге сомасына 30 грант берілетін болады», – деп хабарлады ОКҚ брифингінде ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов.

Оның айтуынша, грантты тағайындаудың мақсаты-белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау.

Грантты алуға конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтте 14 жастан кіші емес және 29 жастан үлкен емес ҚР азаматы үміткер бола алады.

Гранттар ҚР азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;

«Мәдениет» — Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;

«Ақпараттық технологиялар»-жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;

«Медиа» — жаңа медиажобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 20 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі (14 кіреберіс), 8 (7172) 74-05-25, 8-705-822-33-33, электрондық нұсқа – generation.kaz@gmail.com

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады және онда: 1) жобаның сипаттамасы; 2) жобаның бейнепрезентациясы (60 секундтан аспайтын); 3) шығыстар сметасының жобасы; 4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.

Толығырақ ақпарат («Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау ережелері және т. б.) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында қолжетімді (qogam.gov.kz), «жастар саясаты» бөлімінде.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...