Now Reading
Нұр-Сұлтанда «зебралардың» алдына қызыл шу жолақтары салына бастады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтанда «зебралардың» алдына қызыл шу жолақтары салына бастады

Нұр-Сұлтанда «зебралардың» алдына қызыл шу жолақтары салына бастады

Нұр-Сұлтан қаласындағы «зебралардың» алдында қызыл шу жолақтары қолданыла бастады, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«ПД елорда әкімдігімен бірлесіп, жолақтар арасындағы қашықтықты ұлғайта отырып, жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында қызыл шу жолақтарын әзірлеп жатыр. Бұл таңбалау шу әсерін тудырады, сонымен қатар жүргізушілердің назарын аударуға мүмкіндік береді. Жыл басында бұл шу жолақтары қала көшелерінің жеті учаскесіне орнатылды және қазіргі уақытта олар басқа бөліктерде қолданылуда», — делінген сәрсенбіде таратылған хабарламада.

Полиция атап өткендей «мұның бәрі азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр».

«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауда бірінші кезектегі міндет. Қабылданған шаралар қауіпті жол учаскелерінің санын азайтуға және жол апаттарының алдын алуға мүмкіндік береді», — деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов.

Сонымен қатар полицейлердің айтуынша, жолдардың жасанды бұдырлары әрқашан тұрғындардың сұранысына ие.

«Қазіргі уақытта елордада 1 мың метрден астам жасанды жол бұдырлары орнатылды, олар негізінен шағын және кварталішілік өткелдерге орнатылады», — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полициясы.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...