Синоптиктер Қазақстанның 11 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар бұрынғысынша республиканың солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа-райына өз әсерін сақтап қалуда. Жаңбыр солтүстік және солтүстік-шығыста — қатты жауып, жекелеген аудандарда — найзағай мен бұршақ, кей жерлерде — тұман болады. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, батыста кей жерлерде қатты ыстық сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл болады.
Күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында басым бөлігінде қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады,-деп хабарлады ведомстводан.