Now Reading
Қазпошта зейнеткердің шағымына жауап берді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазпошта зейнеткердің шағымына жауап берді

Қазпошта зейнеткердің шағымына жауап берді

Әкімдік қызметкерлерді жазалады. Бірақ бұл бекер болып шықты.

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Бәйтерек ауылындағы «Қазпошта» қызметкерлерінің жұмысына қатысты шағым пайда болды. Тұрғындардың айтуынша пошта қызметкерлері зейнеткерлерді қарт адамдарға қажет емес әтір мен басқа да тауарларды сатып алуға мәжбүрлейді екен. Компания оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Инстаграм желісінде наразылықтарын жеткізу үшін видео түсірілген хабарлама пайда болды. Зейнеткерді видеоға түсіріп тұрған әйел адам қарттың поштаға зейнетақысын алуға барған кезінде оны 3500 теңгеге әтір сатып алуға мәжбүрлепті.  

Еңбекшіқазақ облысының әкімдігі «Қазпошта» бөлімшесінің қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізгенін айтты. Пошташылар әтірдің ақшасын зейнеткерге қайтарып берген.

«Аудан әкімшілігі Бәйтерек ауылдық бөлімшесінің аға пошташысына сөгіс жариялаған. Жағдай аудан әкімдігінің бақылауында», — делінген хабарламада.

Осы оқиғаға қатысты «Қазпошта» АҚ түсініктеме берді.  

Баспасөз қызметі ұлттық пошта операторы ауылдық жерде тұратын қазақстандықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылатынын айтты.

«Мұндай елді мекендердің пошта бөлімшелерінде тұрғындар операторлар арқылы мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді ала алады, коммуналдық төлемдерді төлей алады, депозит ашып немесе несие төлей алады, пойыз билеттерін сатып алады, косметикалық өнімдерге тапсырыс бере алады. Бұл қызметтер халық арасында сұранысқа ие, себебі олар үлкен қалаларға баруды қажет етпейді. «Қазпошта» операторлары өз міндеттерін орындау кезінде ынталандыру бағдарламалары аясында клиенттерге жоғарыда көрсетілген қызметтерді ұсына алады», — деп хабарлады компаниядан.

Баспасөз қызметі пошта бөлімінің бастығы өзінің қызметтік міндеттері аясында клиентке серіктестің өнімдерін ұсынғанын жоққа шығармады.

«Клиент әйеліне сыйлық ретінде парфюмерия сатып алуға ниет білдірді. БАҚ-та Қазпочта қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді », — деп қорытындылады компания.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...