Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан. Бұл туралы қоғам қайраткерлері хабарлауда.
Петропавлда орналасқан Қазақстан Конституциясы көшесін бірегей құбылыс ретінде қосу үшін Гиннестің рекордтар кітабына өтініш беруді ұсынады. Осылайша әділеттілік орнауы керек деп жар салады. Өйткені қазір Копенгагендегі Stroeget сауда көшесі ресми түрде ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі болып танылды. Оның ұзындығы 1800 метрге жетер-жетпес шамада. Солтүстік Қазақстан Арбатының ұзындығы шамамен 2 км. Белсенділердің айтуынша жаяу жүргіншілер көшесінің жаңа мәртебесі облыс орталығының туристік әлеуетіне оң әсер етеді.
Сайран Хамзин, қоғамдық кеңес мүшесі:
— Біз бұл мәселені көтердік, қоғамдық кеңестегі әріптестерім мені қолдады. Біз мейрамханашылар, қонақүйлер қауымдастығының атынан атқарушы органдарға Гиннестің рекордтар кітабына өтініш беру туралы ұсыныс жасадық. Менің ойымша егер біз осылай жасасақ және Қазақстан Конституциясы көшесі Гиннестің рекордтар кітабына енсе, ол біздің әсем қаламызға белгілі бір халықаралық ерекшелік қосады. Бұл туристерге қызықты болар еді, олардың барлығы жаяу жүргіншілер жүретін әлемдегі ең ұзын көшеде келе жатқанын білетін болар еді.