Now Reading
Елордада 15 мың оқушы қаржылық көмек алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада 15 мың оқушы қаржылық көмек алады

Елордада 15 мың оқушы қаржылық көмек алады

Елорданың 15 мың оқушысына оқу маусымы қарсаңында қаржылық көмек көрсетіледі. 11 тамызда елордада жыл сайынғы жалпыға бірдей міндетті орта білім беру бағдарламасы басталды, оның аясында белгілі бір санаттағы оқушыларға мектеп киімі, аяқ киім және жазу құралдары тегін таратылады.

 

Көрсетілетін көмек мөлшері 40 мың теңгені құрайды. Өткен жылы оны 13245 оқушы алды, биыл 15 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарлануда.

 

Жалпы оқыту шеңберінде көмек келесі санаттағы оқушыларға көрсетіледі:

 

— мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

 

— жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;

 

-жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға;

 

— төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

 

— білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жатады.

 

Биыл көмек «Атамекен» ӨКП ұсынған «BMC Sales» цифрлық платформасы арқылы көрсетілетін болады, онда жеке нөмірі көрсетілген арнайы карталар пайдаланылатын болады. Барлық тетікті жеке кабинеттерде алушылар, әлеуметтік педагогтар, кәсіпкерлер және бағдарлама әкімшісі қадағалап отырады, бұл қаражаттың ашықтығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

 

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП қатысушылар-компаниялар мен сауда нүктелерінің санын көбейтті. Егер өткен жылы бағдарламаға 16 компания және 27 нүкте қатысса, биыл – 18 компания және 30 сауда нүктесі. Қазіргі уақытта мектептер балалардың дерекқорын автоматтандырылған жүйеге толтыру бойынша жұмыс жүргізуде, ақпарат мәртебенің жаңартылуына және расталуына қарай енгізіледі.

 

Жалпыға міндетті оқыту шеңберінде көмек алуға өтініш беру үшін ата-аналар бала оқитын мектепке жүгінуі қажет. Өтінішті мектептің органы 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Бағдарлама 11 тамызда басталып, 31 қазанда аяқталады. Сонымен қатар, елорда оқушыларына «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы аясында да көмек көрсетіледі. 2021 жылдың басынан бастап 3648 оқушы көмек алды, барлығы 7 мыңға жуық баланы қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, аудан әкімдіктері 2100 балаға керек-жарақтары бар мектеп рюкзактарын табыстайды. Акция аясында көмек алу үшін «Менің Атамекенім» порталының «Мектепке жол» бетіне өтінім беру қажет.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×