Кейбір жағдайларды атап айтпағанда, бетперде кию міндетті болып табылады.
Мектептер мен басқа да оқу орындарында маска тәртібінің ережелері бекітілді.
Барлық оқушылар (студенттер) маска тәртібін сақтауы керек. Масканы тамақтану мен дене шынықтыру сабағына қатысудан басқа кез келген уақытта кию керек.
Маска кию тәртібі «Санитарлық-эпидемиологиялық санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, жедел респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококкты инфекция, COVID-19, желшешек, скарлатина кезінде санитарлық-профилактикалық шараларын ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерімен реттеледі (27 мамыр 2021 ж. № ҚР ДСМ -47), — деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осылайша жоғарыда көрсетілген Санитарлық ережелердің 54-тармағында ашық аспан астында және халықты қабылдауға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған бөлмелерде, қоғамдық көліктерде медициналық немесе матадан жасалған маска кию міндетті болып табылатыны көрсетілген, тек келесілерді атап айтпағанда:
• бес жасқа дейінгі балалар;
• қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайлары;
• әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке, топтық спортпен айналысатын адамдар.