Now Reading
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы қалай алуға болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы қалай алуға болады

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы қалай алуға болады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы бұйрығымен «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар бекітілді.

 

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюдың мемлекеттік қызметін тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары тегін көрсетеді.

 

Мемлекеттік қызметті алу үшін «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы белгіленген нысандағы өтініш арқылы жіберу қажет, сондай-ақ керекті құжаттар:

 

әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесін ұсынады;

 

болған жағдайларда:

 

отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға жауап бермейді, сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады;

 

отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сай келмейді, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша) электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады;

 

оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрады, ол тұратын тұрғын үй-жайға техникалық паспорттың және құқық белгілейтін құжаттың көшірмелері қосымша ұсынылады;

 

отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар бар, олар кезінде бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмайды, аурудың тиісті түрін растайтын құжаттың көшірмесі қосымша ұсынылады.

 

Ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда:

 

халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ соңғы 12 айдағы отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы мәліметтерді (мүгедектігі бар балалар, жетім балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары, ҰОС ардагерлері бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларды қоспағанда) қосымша ұсынады.

 

Басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп таныған жағдайларда, соңғысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмелерін ұсынады.

 

ҚР азаматтарын Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде 3 жыл тұрақты тұру талап етіледі.

 

Өтінішті қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

 

кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms — хабарландыру түріндегі шешім;

 

️немесе дәлелді бас тарту.

 

Бұйрық 2021 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×