Now Reading
Ескекші Бибарыс Спатай Паралимпиаданың жұбаныш финалында бірінші орынды иеленді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ескекші Бибарыс Спатай Паралимпиаданың жұбаныш финалында бірінші орынды иеленді

Ескекші Бибарыс Спатай Паралимпиаданың жұбаныш финалында бірінші орынды иеленді

Токиода каноэде 200 метр қашықтықта В финалы аяқталды. Қазақстандық Бибарыс Спатай бұл қашықтықты 45,025 секундта бағындырып, Аргентина, Жапония, Венгрия мен Германиядан келген қарсыластарынан озып, бірінші болды. Бұған дейін жартылай финалда қазақстандыққа медальдар үшін күреске қатысуға 1,5 секунд жетпеді. 1/2 финалда Спатай 44.435 көрсеткішпен төртінші болды.

А финалына қатысу құқығын беретін жартылай финалдағы үшінші орынды Ұлыбритания өкілі Дэвид Филлипсон жеңіп алды, ол 200 метрді 43,075 секундта бағындырды. А финалында австралиялық Кертис МакГраф 41,426 секундпен көш бастады. Күміс украиналық Микола Синюкке бұйырды — 42.503 сек.

Федерико Манкарелла 42,572 секундпен үшінші орында.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...