Now Reading
Қазақстандағы әлеуметтік көмек түрлері
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандағы әлеуметтік көмек түрлері

Қазақстандағы әлеуметтік көмек түрлері

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалады?

Атаулы әлеуметтік көмекке Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, босқындар, азаматтығы жоқ адамдар, тіпті шетелдіктер де үмітті бола алады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудағы басты критерийлердің бірі – кедейлік шегі. Қазақстанда кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрайды. Әр аймақ бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі экономикалық жағдайға қарай жеке анықталады.

Мәселен, Маңғыстау облысында бірінші тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейі айына 39 211 теңге, Нұр-Сұлтанда – 37 725 теңге, Алматыда – 36 425 теңге, Шығыс Қазақстан облысында – 34 858 теңге, Алматы облысында – 34 440 теңгені құрады.

Сәйкесінше, Маңғыстау облысында кедейлік шегі (27 447,7 теңге) Алматы облысымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары (мұнда кедейлік шегі 24 108 теңге болды).

Орта есеппен алғанда елдегі кедейлік шегі 2021 жылдың I тоқсанында – 25 520 тенгені құраған.

 

Кімге атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін?

Табысыңыз кедейлік шегінен жоғары болған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалмайды.

Сонымен қатар мемлекет ұсынған жұмысқа орналасудан бас тартқан отбасыларға көмек көрсетілмейді.

Аталған ережелер кейбір топтағы адамдарға қатысты емес. Олар:

— үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болғандар;

— мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын отбасы мүшесі, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар жан, сырттан көмекке мұқтаж қарт адам.

Денсаулығы нашар адамдар жұмыс істеуге міндетті емес. Олардың қатарына бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жандар, сондай-ақ екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздық парағын ұсынғандар жатады.

Жұмыссыз және күндізгі бөлімде оқуға рұқсат етіледі (оның ішінде курсанттар, магистранттар, интерндер, докторанттар мен аспиранттар бар).

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды қасақана жалған ақпарат пен нақты емес құжаттарды ұсынудан аулақ болуға шақырады. Егер мұндай құқық бұзушылықтар анықталса, өтініш берушіге АӘК тағайындалмайды.

 

 

Отбасының қандай табысы есепке алынады және қайсысы ескерілмейді?

АӘК тағайындау кезінде бір тұрғылықты жерде тіркелген және ортақ шаруашылықты басқаратын барлық адамдар отбасына қосылады. Бұл ретте мемлекет тарапынан толық қолдау алатын адамдар отбасынан шығарылады. Олар әскери қызметтегі, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы, түрмеде немесе әскердегі адамдар.

Жиынтық табысты есептегенде отбасы мүшелерінің кірісі ескеріледі. Бұл – жалақы, зейнетақы, қосалқы шаруашылық жүргізуден алынған ақша, кірістен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер.

Жәрдемақының барлық түрлері есепке алынады. Атап айтсақ: көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, бір жасқа дейінгі балаларға күтім бойынша жәрдемақылар, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне берілетін жәрдемақылар, зиянды және ауыр жағдайда жұмыс істеген адамдарға берілетін жәрдемақылар, мүгедектік, жұмысынан айырылу, асыраушысынан айырылу, жетім балалардың қамқоршыларына жәрдемақы, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге берілген балаларды асырау үшін төлем.

АӘК тағайындау кезінде табыс ретінде келесілер қарастырылмайды:

1) атаулы әлеуметтік көмек;

2) тұрғын үй көмегі;

3) жерлеуге берілетін біржолғы гранттар;

4) 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

5) 7 жастан асқан I, II, III топтағы мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

6) он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;

7) 16 жастан 18 жасқа дейінгі I, II, III топтағы мүгедектігі бар балаларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;

8) I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақылар;

9) шәкіртақы, оның ішінде студенттерге төленетін жеке стипендиялар;

10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;

11) баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

12) қайырымдылық көмек;

13) жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемдер;

14) бағдарлама бойынша ерікті қоныс аударуға қатысушыларға бір реттік қоныс аудару төлемдері (отбасының әрбір мүшесі үшін);

 

Аз қамтылған отбасыларға қандай төлемдер қарастырылған?

Төленетін төлемдердің мөлшері отбасының әрбір мүшесі үшін кедейлік шегі мен отбасының табысы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Жан басына шаққандағы орташа табысты анықтау үшін отбасының барлық мүшелерінің 3 айдағы жалпы табысы қосылады.

Мысалы Алматыда тұратын үш баласы бар отбасыны алып көрейік.

Отағасы 100 мың теңге табыс табады, ал отанасы жұмыс жасамайды. Отбасында 5 адам бар. Демек, ай сайын отбасыдағы бір адамға 20 000 теңгеден тиеді.

Алматыдағы кедейлік шегі 2021 жылдың бірінші тоқсанында 25 497,5 теңгені құрады.

Бұл отбасының әрбір мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмек 5 497 теңгені құрайды. Ай сайын отбасына 27 485 беріледі, бұл сома әр айдың 10-на дейін банк шотына аударылады.

 

Атаулы әлеуметтік көмек қаншалықты жиі тағайындалады?

Атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалып, қаралып отырады. Егер көмек мөлшерін қайта қарауға немесе төлемнің күшін жоюға негіз болатын мән-жайлар туындаса (жалақының өсуі, жұмысының өзгеруі, отбасы мүшесінің қайтыс болуы және т.б.), бұл туралы уәкілетті органға 10 күн ішінде хабарлануы қажет.

 

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет дегеніміз не?

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет биылғы жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша балалары бар АӘК алушы аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Бір жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін жергілікті әкімшілік азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарларын сатып алып, үйіне апарып береді.

Билік жылына бір рет 6 мен 18 жас аралығындағы балаларды мектеп немесе спорттық киіммен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етеді. Егер 18 жасында бала әлі мектеп оқушысы болса, онда ол да көмек көрсетілуі тиіс балалардың қатарына жатқызылады.

Одан бөлек мектеп оқушыларына ыстық тамақ беріледі және қоғамдық көлікте жеңілдіктер қарастырылған (билет бағасының кемінде 50%).

 

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қайда жүгінуге болады?

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарды электронды үкімет порталында онлайн рәсімдеуге болады. Бұл үшін электронды цифрлық қолтаңба мен Интернетке кіру қажет. Сіз сондай-ақ тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталықтарына немесе ауылдық округ әкімдіктеріне хабарласа аласыз.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×