Now Reading
ҚР Сенаты жеті жастан 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды мүгедектіктің топтары бойынша бөлуді мақұлдады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ҚР Сенаты жеті жастан 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды мүгедектіктің топтары бойынша бөлуді мақұлдады

ҚР Сенаты жеті жастан 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды мүгедектіктің топтары бойынша бөлуді мақұлдады

Қазақстан Сенаты жеті жастан 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды мүгедектіктің топтары бойынша бөлуді мақұлдады.

«Баланың денсаулығы мен тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін ескере отырып, заң жобасында жетіден 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектіктің топтары бойынша бөлу қарастырылған. Бұл шара көрсетілетін оңалту іс — шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде балалар ауруының ауырлығына байланысты жәрдемақылардың мөлшері бөлігінде саралауға мүмкіндік береді», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов бейсенбі күні Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыра отырып.

Ол мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37% — ға дейін арттырылатынын атап өтті. Бұл шара мүгедектігі бар 30 мыңнан астам балаға қатысты болады.

Сонымен қатар, заң жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды күту мерзімін 18 жасқа дейін ұзарту ұсынылады, бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсер етеді.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...