Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында аутизммен ауыратын балаларға арналған оңалту спорт орталығы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында аутизммен ауыратын балаларға арналған оңалту спорт орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында аутизммен ауыратын балаларға арналған оңалту спорт орталығы ашылды

Қазақстан астанасында аутизммен ауыратын балаларды спорт арқылы оңалтатын Орталық Азиядағы бірінші орталық ашылды. Дамуында ауытқуы бар балалар спортпен ғана танысып қоймай, болашақта халықаралық аренада өнер көрсетуге дайындалады.

OTISIUM әдістемесі Түркияда патенттелген және оны кәсіби спортшылар Ердал Атеш пен Ибрагим Аджар дайындаған. Бүгін OTISIUM бағдарламасы Марокко, Әзірбайжан, Ресей, Канада мен Германияда ұсынылған.

Енді мұндай орталық Қазақстанда да ашылды. Өткен аптада орталықтың ашылуы Нұр-Сұлтан қаласында осы әдістемені дайындаушылардың бірі, бүгінде  Түркияның аутизм кеңесінің төрағасы болып табылатын Ердал Атештің қатысуымен өтті.

«Біз өз орталықтарымызда тек спорттық компонентпен шектелмейміз, мұнда тәжірибелі мұғалімдер дамуында ауытқуы бар балалардың мектепке дейінгі даярлығымен айналысады, бұл орталық сонымен қатар қарапайым мектептерде оқитын балалар үшін де, сонымен қатар үйінде білім алатын балалар үшін қосымша үйірме қызмтін атқарады. Біз көптеген жылдар бойы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап келе жатқан мұғалімдерді осы іске жұмылдырдық, мен ол жандарға өмірлерін осы игі іске арнағанына ризамын. Бірақ  біздің тараптан болып жатқан ынтадан бөлек, билік біздің орталықтың жұмысына назар аударып, орталықты және барлық оңалту құрылымдарды қолдаудың жүйелі шараларын қабылдайды деген үміттемін», — деді орталықтың негізін қалаушы Айсұлу Мәжен.

    «Ерекше қажеттіліктері бар спортшылар федерациясы Түркияда белсенді жұмыс жасауда және түркітілдес елдер арасында психикалық ауытқулары бар балалар мен ересектер үшін арнайы спорттық олимпиада құру мүмкіндігі талқылануда, ал Қазақстан бұл жарыстарға қатыса алады. Бұл қызмет Сіздің елдегі дене тәрбиесі мен спортты дамытуға жауапты мемлекеттік ұйымдарды да қызықтыруы мүмкін», — деді Ердал Атеш.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×