Астаналық паракаратистер тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI спартакиадасында жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды.
2021 жылғы 21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI спартакиадасы өтуде. Іс-шараның мақсаты-мүгедектігі бар спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Паракаратэден жарысқа Қазақстанның 6 өңірінен спортшылар қатысты. Айта кетейік, аталмыш спорт түрінен жарыс алғаш рет спартакиада аясында өтті. Елордалық спортшылар екі алтын, бір күміс және қола медаль жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшылар жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды. Спартакиада нәтижелері бойынша қараша айында Дубайда өтетін әлем чемпионатына қатысушылар анықталды.
Нәтижелері:
Жүсіпова Ләззат 1 орын
Бексырғаұлы керім 1 орын
Нурмаганбетова Алина 2 орын
Мухамеджанов Дидар 3 орын
Спортшыларды марапаттауға каратэ бойынша Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Асадилов Дархан мен Берульцева Софья қатысты.