Еңбек министрлігі облыстық профильдік бөлімге шағымдануды ұсынады.
Қарағанды қаласының тұрғыны Юлия Дениварова әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс берген 92 мың теңге тұратын итарба сапасына наразылық танытып, оны жеткізушіге қайтарған.
Әлеуметтік қамсыздандыру органдары оған басқа жеткізушіні таңдауға кеңес берді, бірақ Юлияның айтуынша әлеуметтік қызметтер порталында бойы 140 сантиметрден асатын адамдарға арналған итарба өндірушілер жоқ. Тек балаларға арналған итарбаларға ғана таңдау бар екен.
«Мен оның неден жасалғанын көріп отырмын. Кез келген жерден ағашты жұлып алып бояй салған тәрізді. Құбырлары өте жұқа. Дөңгелек болуы керек тіреуіштің жартысы арамен кесіліп, ағашпен бекітілген. Шын мәнінде бұл затты қоқыс жәшігіне апарып тастау керек. Жасаған адам мүлдем бұл заттың қандай болуы керектігінен бейхабар тәрізді», деді дамуында ауытқуы бар баланың анасы Юлия Дениварова.
Юлия Денивароваға жаңа итарба жеткізілген, бірақ оның да сапасы дәл солай болып шыққан.
Мүгедектігі бар тағы бір Қарағанды қаласының тұрғыны Нияз Сүндетәлиевке жеке оңалту бағдарламасы бойынша санитарлық емделу қажет. Алайда оған жолдамадан бас тартуға тура келді — әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар жандар арбасында отыратын адам пайдалана алатын бірде бір санаторий болмаған.
«Мүмкін бір жерде ондай шипажайлар бар шығар, бірақ олар порталда жоқ. Оларға жұмыс істеу тиімсіз. Адамдар мәжбүрлі түрде барады, бірақ кедергілерге тап болады. Оларды көтеріп кіргізіп, бір жерлерде адамдар көмектесіп жатады. Бірақ күніне бес рет тамақтану керек, ал тамақтану орнына жету мүмкін емес, өйткені пандус пен лифт жоқ. Сізді күніне бес рет көтеріп апарып жүреді», — деді Нияз Сүндетәлиев.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі маған облыстық профильдік бөлімге өтініш жазуға кеңес берді. Құзырлы орган шипажайға пандустар мен көтергіштерді орнатуды міндеттейді.
Әлеуметтік қызметтер порталы Қазақстанда 2021 жылдың басында іске қосылды. Мүмкіндігі шектеулі адам оңалту құралдарын немесе қызметтерді порталда ұсынылған кез келген өндірушіден таңдап алады. Еңбек министрлігі порталда 18 итарба өндіруші мен 62 шипажай бар екенін айтады.
«Жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызметтер порталында жеткізуші болуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларды қарастырады. Олар тиісті құжаттарды, соның ішінде медициналық бұйымдарға қатысты тауарларды ұсынады. Олардың сәйкестік сертификаты болуы тиіс», — облыстық әлеуметтік қызмет көрсету саясатын дамыту басқармасы бастығының орынбасары Сырым Наси.
Егер жеткізуші сәйкес емес тауар жеткізген болса, комиссияның шешімі бойынша ол әділетсіз деп танылып, бір жылға порталмен жұмыс істеу құқығынан айырылуы мүмкін. Қызметті немесе өнімді алушы 14 күн ішінде өнімді қайтарып, басқасын ала алады немесе жеткізушіден бас тарта алады.