Қазақстанда ипотека бойынша борышкерлерді жалғыз баспанадан шығару тоқтатылады
Құжатқа қыркүйек айында қол қойылды, оны әзірлеу 2020 жылдың маусымынан бастап жүргізілді.
Ол бүкіл елді қамтиды.
Меморандум халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылардың (тең қарыз алушылардың, кепілгерлердің, кепіл берушілердің) құқықтарын қорғайды.
Проблемалық берешекті реттеу, тұрғын үйден шығаруға байланысты мәселені шешу және келісімге қол жеткізу, сондай-ақ қарыз алушының қол жеткізілген келісімнің шарттарын тиісінше орындауы кезеңінде банктер тоқтата тұрады:
•сот ісін жүргізу, нотариусқа атқарушылық жазбаны жасау, ипотекалық шарттардан құқықтық қатынастар негізінде туындаған берешекті өндіріп алу үшін жүгіну;
•банк балансына қабылданғанды қоса алғанда, жалғыз тұрғын үйді сатуды;
•қарыз алушыларды, оның ішінде банктің балансындағы осы мүліктің бұрынғы меншік иелерін тұрғын үйден шығару.
Меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енді және 12 ай бойы күшінде болады.