Now Reading
Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде 600 тонна өнім сатылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде 600 тонна өнім сатылады

Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде 600 тонна өнім сатылады

Елордада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі осы демалыс күндері 2-3 қазанда өтеді. Бұл жолы Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерінің тауарларын сатып алуға болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 

Жәрмеңке дәстүрлі түрде «Хан шатыр» СОО алаңында (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) өтеді. Қарағанды облысының 9 ауданы мен 4 қаласының 126 фермерлік шаруашылығы мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады. Барлығы 600 тоннадан астам өнімді сату жоспарлануда. Сөрелерде азық — түліктің 117 атауы ұсынылады, оның ішінде: барлық түрдегі ет — 150,1 тонна, балық — 4,3 тонна, жұмыртқа — 200 мың дана, сүт өнімдері — 20 тонна, картоп пен көкөністер — 495 тонна, шұжық, кондитерлік, нан-тоқаш өнімдері-11,4 тонна.

 

Жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

 

Естеріңізге сала кетейік, елордада ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...