Now Reading
ҚР Президенті дарынды балаларға арналған «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатына барды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > ҚР Президенті дарынды балаларға арналған «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатына барды

ҚР Президенті дарынды балаларға арналған «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Жезқазғандағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына барды.

Президент жаңа «Өркен-медиа», өлкетану, домбыра кабинеттерін және арт-студияны аралап көрді, педагогтармен және оқушылармен әңгімелесті.

— Ғылым мен білім өте маңызды. Білек бірді, білім мыңды жығады, деп айтылғандай. Білім-бұл тез өзгеретін, өсіп дамитын қазіргі әлемдегі ең қуатты және тиімді құрал. Егер сен жеткілікті білімді болсаң, онда міндетті түрде барлық қиындықтарды жеңесің. Сондықтан мемлекетіміздің лайықты азаматтары болыңыз. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда, — деп атап өтті Президент оқушыларға арнаған сөзінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп-интернат оқушылары Ұлытау өңірі мен Сарыарқаның тарихымен және киелі жерлерімен танысатын өлкетану кабинетінде қазақ халқы мен туған өлкенің тарихын зерттеудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақ тілінде оқытатын оқу орны 2020 жылы салынып, 900 орынға есептелген. Мектеп-интернатта жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша кәсіби-бағытталған және бейіндік білім беріледі.

Білім беру үлгілерін жүзеге асыру үшін Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетімен және Жезқазған қаласының тарихи-археологиялық мұражайымен ынтымақтастық орнатылған.

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін 4 спорт секциясы және 6 үйірме ашылды.

Мемлекет басшысына Қарағанды облысында Сапалы білім беруді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндалды.

Өңірдің 499 мектебінде 206 мыңға жуық оқушы оқиды, оның 21 318-і бірінші сынып оқушылары. Оқу орындарының тапшылығы проблемасын шешу үшін 2022-2025 жылдарға он алты мектеп, оның ішінде мемлекеттік – жекешелік әріптестік есебінен үш мектеп, сондай-ақ бір жеке мектеп салу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл мектептерін жаңғырту барысы туралы мәлімет берілді. Биыл өңірде 166 мектеп жөнделді, 2025 жылға дейін тағы 299 мектепті жаңғырту жоспарланған.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының барлық білім беру ұйымдарында дабыл кнопкалары мен хабарландыру жүйелері орнатылған. Контингенті 300-ден астам оқушы бар мектептерде мамандандырылған күзет енгізілді және турникеттер орнатылды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келгені хабарланған болатын.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×