Now Reading
Қазақстанда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақы енгізілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақы енгізілді

Қазақстанда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақы енгізілді

Қазақстанда мүгедектіктің себебіне қарамастан I топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақы енгізілді.

Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жәрдемақы мүгедектіктің себебіне қарамастан 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде (2021 жылы – 48 023 теңге) азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулерге сәйкес енгізілді.

I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын қазақстандықтар жәрдемақы тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне өтініш жазып, оған мынадай құжаттарды қоса бере алады:

жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, қандас куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат);

I топтағы мүгедектікке бар қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат (осындай факт болған жағдайда);

күтім жүзеге асырылатын адамның мүгедектігі туралы анықтама;

сәйкестендіру үшін – жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

психикалық денсаулық орталығында есепте тұру фактісінің жоқтығы туралы анықтама.

Күтуші ретінде анықталған тұлғаның әрекет қабілеттілігі туралы мәліметтер ҚР Әділет министрлігінің «жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде жеке басын куәландыратын құжат бойынша тексеріледі.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...