Нұр-Сұлтан қаласында жылу энергиясын беру және тарату тарифі төмендетіліп, «Астана Теплотранзит» АҚ-на айыппұл салынды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның 2020 жылға арналған тарифтік сметасы мен инвестициялық бағдарламасының орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Субъектінің «табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) және 16) тармақшаларының, атап айтқанда 2016-2020 жылдарға бекітілген тарифтік сметаның және бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы жөніндегі талаптарын сақтамағаны анықталды.
Нәтижесінде «Астана – Теплотранзит» АҚ 77 026 427,23 теңге мөлшерінде негізсіз кіріс алды.
Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы негізсіз алынған кірісті қайтару бөлігінде шаралар қабылдады.
Осылайша, 2021 жылғы 1 тамыздан бастап «Астана – Теплотранзит» АҚ жылу энергиясын беру және тарату қызметіне уақытша өтемдік тариф енгізілді.
2021 жылғы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызмет тарифі қолданыстағы тарифтен 11,74 теңгеге немесе 1% – ға төмендетумен ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 1 159,51 теңгені құрады (бұрын қолданыстағы тариф-ҚҚС-сыз 1 ГКал үшін 1 171,25).
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 шілдеге дейін жылу энергиясын беру және тарату бойынша көрсетілетін қызметке Тариф қолданыстағы тарифтен 11,44 теңгеге немесе 0,9% – ға төмендете отырып, ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 1 211,45 теңгені құрайды (бұрын қолданыстағы тариф-ҚҚС-сыз 1 ГКал үшін 1 222,86).
Департамент табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.
«Астана-Теплотранзит» АҚ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, субъект Төлеген 3 267 040 теңге сомасына айыппұл салынды.