Басқаларға көмектесу бұл көпшілік ойлағаннан әлдеқайда оңай. Биылғы жылы «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жылдық үздік үйымы» номинациясының лауреаты атанған «Самға-Н» мүгедектігі бар жандар қоғамдық бірлестігінің еріктілері осындай пікірде.
Үкіметтік емес ұйым мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасыларға және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға қолдау көрсетеді.
Мүгедектігі бар жандар қоғамдық бірлестігі 2017 жылы ашылып, төрт жылдың ішінде Талғар қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек пен қолдау көрсетуде көшбасшы атанды. Биылдың өзінде олар облыс бойынша 150 отбасына көмек көрсетті.
«Оның ішінде 105 отбасыға азық-түлік себеті таратылды, 15 отбасы балаларын мектепке дайындауға көмектестік – бұл кеңсе тауарлары мен мектеп формасы, 20 отбасыға жылы киім – пальто, күрте, тон, 10 отбасыға қажетті тұрмыстық техника – тоңазытқыш, кір жуғыш машина және тағы басқа сатып алынды», — дейді Назгүл Рысбаева.
Айта кетейік Назгүл Рысбаева мен оның командасы тек материалдық емес, заңгерлік көмек көрсетеді. Мәселен, жуырда ғана еріктілер төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған көп балалы әйелге баспана кезегіне тұруға көмектесті.
«Күйеуі төртінші балаға жүкті болғанда тастап кеткен. Оны баспанасыз қалдырған, және балаларына ешбір көмек көрсетпейді екен. Бала туылғаннан кейін әйел инсульт алған. Ауруханадан шыққан соң балаларымен жатақханада жалдамалы пәтерде тұрады. 67 мың теңге жәрдемақыға күн көреді екен. Ол өзі сол жатақханада тазалаушы болып жұмыс істейді. Ақша тек жалдау ақысына және әлеуметтік қызметтерге жетеді. Оған көршілері мен достары көмектесті. Біз оған барғанымызда ең алдымен ең қажетті бұйымдар мен заттарды апардық. Кейінірек балалар далада қар жауып тұрғанда, мектепке жыртылған кроссовкамен барып жүргенін білдік. Отбасы мүшелерінің ешқайсысының қысқы аяқ киімдері жоқ екен. Біздің ұйым Талғар аудандық мәслихатының депутаттарына осы отбасына көмек сұрап өтініш білдірді. Депутаттар бүкіл отбасына бес жұп қыстық аяқ киім алып берді, біз отбасын жылы киіммен, мектеп формасымен және керек-жарақпен, екі айға азық-түлікпен қамтамасыз еттік. Сондай-ақ оларды «АsarUme» қайырымдылық қорына баспана алу үшін кезекке қойдық», — дейді Назгүл.
2020 жылдың маусым айында Еламан ауылында тұратын жеті адамнан тұратын отбасы баспанасыз қалды — олардың үйінде өрт шықты. Бақытымызға орай, ата-ана мен бес бала зардап шеккен жоқ. Оқиғадан хабардар болған «Самға-Н» мекемесінің қызметкерлері жедел жинақ ұйымдастырып, отбасына құрылыс материалдарын алуға көмектескен.
«Таңертең өрт туралы ақпарат алдық, түсте сол мекенжайға бардық. Үй түгел өртеніп кетті. Бір аптада құрылысқа лайықты соманы жинап алдық. Осы қаражатқа біз үш көлік қажетті материалдар – сүзгі, құм, қиыршық тас, 45 қап цемент, азық-түлік және бүкіл отбасы үшін киім-кешек сатып алдық. Қыс келгенше отбасы жаңа үйге көшіп үлгерді. – дейді Назгүл Рысбаева.
2020 жылдың желтоқсан айында атқарған жұмыстары үшін қоғамдық бірлестіктің волонтерлері «Жылдың үздік волонтерлері» атағына ие болды.
«2020 жыл Еріктілер жылы болды, біз бұл марапатты адал еңбекпен жеңіп алдық. Бүкіл әлемді сұмдық дерт басып, еліміздің барлық жерінде жолдар жабылған кезде де біз адамдарға көмектесуге тырыстық. Біздің волонтерлер барынша ат салысты және мен соны мақтан тұтамын. Мен үшін волонтер қиындыққа сырттан қарамай, қиындықтар мен кедергілерге қарамастан көмектесуге асығатын адам. Бүгін сіз Біреуге көмектесесіз, ал ертең саған көмек керек болуы мүмкін. Ал өмірде менің ұстанымы – қоғамға пайдалы болу»,-дейді Назгүл.
Ұйым келер ұрпаққа үлгі болып, игі істерді жалғастыруды жоспарлап отыр. Қазір Алматы облысы Талғар ауданының бүлдіршіндерін сыйлықтармен қуанту үшін еріктілер жаңа жылға қызу дайындық үстінде.
«Арамыздағы батырлар» жобасын Tengrinews.kz «Рухани Жағыру» Қазақстан әлеуметтік даму институтымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жобаның мақсаты — өз әрекеттерінің арқасында өмірді сақтап, басқаларға көмектесетін, сонымен қатар қиындықтарға қарамастан спортта биік белестерді бағындыратын заманымыздың қарапайым батырлары туралы айту.
Тегтер:.