Now Reading
Altyn Samǵaý-2021: Паралимпиадалық спорт түрлерінде кім үздік атанды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Altyn Samǵaý-2021: Паралимпиадалық спорт түрлерінде кім үздік атанды

Altyn Samǵaý-2021: Паралимпиадалық спорт түрлерінде кім үздік атанды

Қазақстан астанасында Altyn Samǵaý – 2021 ұлттық спорттық сыйлығы шеңберінде спорт жылының қорытындысын шығару игі дәстүр өткізіледі. Бүгін, 12 желтоқсанда паралимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік спортшы мен үздік жаттықтырушының есімдері белгілі болды.

Айта кетейік, бұл номинациялар бойынша жеңімпаздарды Қазақстанның Ұлттық паралимпиада комитеті анықтады. 

«Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік спортшы» сыйлығы Давид Дегтяревке берілді.

Осы жылы Давид Токио-2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы және Грузияда пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды. 

Парадзюдодан Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Жандос Қиянов паралимпиадалық спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы болып танылды. Оның үш тәрбиеленушісі — Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина Токио Паралимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды. 

«Баршаңызды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын! Осы жүлдеге қатысқандардың барлығына рахмет, Мен бұл марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Қазақстандық спортшыларға осындай жеңістер тілеймін», — деді Қиянов.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...