Now Reading
Қазақстанда қанша зейнеткер бар
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда қанша зейнеткер бар

Қазақстанда қанша зейнеткер бар

2021 жылғы қаңтар-қараша аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге шамамен 750,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 696,4 млрд теңге бағытталды, деп хабарлады ҚР Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге-153,2 млрд теңге бағытталды.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 233 мыңнан астам адамды құрайды.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 99 726 теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға ынтымақты жүйеде жинақталған еңбек өтілі, сондай — ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі-МЗЖ) төленген кезеңдер қосылады.

Мәселен, егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жылды құраса, сондай-ақ ол болмаған кезде базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% — ына тең болса, одан әрі 10 жылдан асатын әрбір жыл үшін оның мөлшері 2% — ға артады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілі кезінде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74% – ын, 30 жыл-ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94% — ын құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан көп жыл болған жағдайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% – ы мөлшерінде белгіленеді.

Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ аудару бір айда бірнеше рет жүзеге асырылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары қаншалықты тұрақты және толық көлемде төленетін болса, зейнетақы жасына жеткен кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де соншалықты жоғары болады.

Өз кезегінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде 6 ай талап етіледі) және зейнетақы алдындағы кезеңде алынған орташа айлық кіріске байланысты болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×