Now Reading
Ақтауда көп балалы отбасылар жаңа пәтер кілттерін алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтауда көп балалы отбасылар жаңа пәтер кілттерін алды

Ақтауда көп балалы отбасылар жаңа пәтер кілттерін алды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтауда 53 көп балалы отбасына жаңа пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа екі бөлмелі пәтерлер облыс орталығының 19-ықшам ауданында орналасқан және жалға берілетін баспана ретінде берілген.

Жаңа қоныстанушыларға пәтер кілтін табыс еткен қала әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов:

«Бүгін бәріміз үшін қуанышты күн. Ел тәуелсіздігі жылдарында халықты әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында бірнеше бағдарламалар әзірленді. Баспана алудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылды. Осылайша мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлады. Елбасының әрбір қазақстандық мемлекет қамқорлығын сезінуі керек деген бастамасы сәтті жалғасын табуда. Бүгін тағы бір қуанышты оқиғаның куәсі болып отырмыз. Бұл жалдамалы тұрғын үйлер жекешелендіруге жатпайды, тек ай сайын заңмен белгіленген аз ғана соманы төлеп тұру керек. Жаңа үйлеріңіз қуанышқа толсын».

Көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен 790 миллион теңге бөлінді. Осы мақсатта қала әкімдігі кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын жеке тұлғалардан 53 тұрғын үй сатып алып, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес аз қамтылған 7 көп балалы отбасына берілген. 2003 жылдан 2013 жылға дейін кезекте тұрған азаматтар.

Қалған пәтерлер бойынша қабылданған құжаттары тексерілуде.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...