Now Reading
Павлодар облысында әлеуметтік осал санаттағы 12 отбасы пәтер алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодар облысында әлеуметтік осал санаттағы 12 отбасы пәтер алды

Павлодар облысында әлеуметтік осал санаттағы 12 отбасы пәтер алды

Павлодар облысының Успен ауданында 12 отбасы қоныс тойын тойлады.

«Успен ауданында 12 жаңа қоныс иелері пәтер мен үйдің кілтін алды», — деп жазды Павлодар облысы Успен ауданының әкімі Николай Дычко Instagram желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандар «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының арқасында тұрғын үй сатып ала алды.

«Жерлестерімді айтулы оқиғамен құттықтаймын! Сіздердің үйлеріңізде әрдайым махаббат, қамқорлық пен өзара түсіністік орнасын, — деп толықтырды Н.Дычко. «Отбасыңызға амандық пен жылулық тілеймін».

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі тұрғын үй кешенінің жаңа қоныстанушыларына пәтер кілттері табысталды. Бұл тұрғын үйде кезекте тұрған 200-ге жуық отбасы баспаналы болды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...