Now Reading
Қазақстандықтар үй жанында орналасқан дүкендердегі қымбатшылыққа шағымдануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтар үй жанында орналасқан дүкендердегі қымбатшылыққа шағымдануда

Қазақстандықтар үй жанында орналасқан дүкендердегі қымбатшылыққа шағымдануда

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин қазақстандықтардың тұрмыстық дүкендердегі өнімдердің қымбаттап кеткеніне шағымданып жатқанын айтты.

Агенттік басшысының айтуынша, бәсекелестікке қарсы келісілген әрекет және үстемдікті теріс пайдалану белгілері бойынша сегіз тергеу жүргізіліп жатыр: жұмыртқа өндірушілерге қатысты алты тергеу, қантқа қатысты бір тергеу, тауық етіне қатысты бір тергеу.

«Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің қымбаттау фактілерін жедел анықтау және жолын кесу мақсатында хабарламаларды қабылдау үшін сенім телефоны іске қосылған. Бүгінгі таңда агенттіктің сенім телефонына 2 мыңнан астам қоңырау келіп түскен, оның 50 пайызға жуығы Алматы қаласының тұрғындарынан келген қоңыраулар, 30 пайызы – Нұр-Сұлтан тұрғындары, 20 пайызы – басқа өңірлердің тұрғындары. Қоңыраулардың  70 пайызы – ӘМБТ бағасының тым қымбаттауы фактілеріне байланысты.

Көп жағдайда тауарлардың бағасын бөлшек саудагерлер, атап айтқанда, 15 пайыздық сауда үстемесіне сай келмейтін үй жанындағы шағын дүкендер шарықтатады», — деді Жұманғарин үкімет отырысында.

Монополияға қарсы орган келіп түскен шағымдар бойынша өз құзыреті шегінде шаралар қабылдайтыны хабарланды.

«Үйдің жанындағы бөлшек сауда дүкендеріндегі бағаның өсуіне қатысты шағымдар жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Өзге шағымдар — құзыретіне сәйкес уәкілетті органдарға беріледі. Осыған байланысты «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес, «Үйдің жанындағы бөлшек сауда дүкендеріндегі бағаның өсуіне қатысты шағымдар жергілікті атқарушы органдарға беріледі», — деп түйіндеді сөзін Жұманғарин.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...