ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жаңа жобаның іске қосылғанын хабарлады.
«Ел Президенті жариялаған» халық үніне құлақ асатын мемлекеттің «негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сұраныстары бойынша барынша жіті және жедел ден қоюға және ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыруға барынша күш ― жігерін жұмсайды», — деп мәлімдеді министр.
Осыған байланысты, ашықтық пен жариялылықты ұстана отырып, азаматтардың мүдделерін алға тарта отырып, министр бюрократиясыз қарапайым азаматтардың, қоғамшылдардың қатысуымен Ашық диалог құруға қолдау сұрады және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн ― 100 мәселе» бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлады.
Медициналық көмектің сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың басқа аспектілері туралы ұсыныстарды әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электрондық пошталарға жіберуді сұрайды:
100dnei100voprosov@mail.kz
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru
https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_link
https://www.facebook.com/MinzdravRK