Now Reading
Қазақстанда балалардың әл-ауқат индексі бекітілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда балалардың әл-ауқат индексі бекітілді

Қазақстанда балалардың әл-ауқат индексі бекітілді

ҚР Премьер-Министрі 2022 жылғы 1 ақпандағы өкімімен балалардың әл-ауқат индексін бекітті.

 

Индекс балалардың әл-ауқатын және әртүрлі салаларда балалар үшін жағдай жасауға бағытталған ұлттық саясаттың тиімділік дәрежесін бағалауды жүргізу үшін әзірленген.

 

Индекс төрт негізгі бағыттан тұрады: «бала», «отбасы және қоғам», «мемлекеттік саясат», «елдің әл-ауқаты». «Ешкімді шетте қалдырмау» қағидаты негізге алынған.

 

Деректер орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ашық көздерінен, сондай-ақ балаларға (ата-аналардың рұқсатымен) және ата-аналарға сауалнама жүргізуден құралады.

 

Осы индексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

 

бағыттарды есептеу-бағыттарға кіретін компоненттердің немесе статистикалық / сауалнама деректерінің арифметикалық орташа мәнін анықтау арқылы жүргізілетін есептеу;

 

балаларға арналған бюджет-республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерден балалардың мұқтаждарына бағдарланған, балаларға арналған бюджет шығыстары;

 

балалардың мұқтаждықтарына бағдарланған бюджет шығыстары-балалардың мұқтаждықтарына бағдарланған бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша тікелей және жанама шығыстардың жиынтығы;

 

баланың әл-ауқаты-баланың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы біліммен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздікпен және басқа жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсерінен қалыптасқан баланың жағдайы;

 

жанама шығындар-бұл балаларды қолдауға және дамытуға тікелей және біржақты бағытталмаған, бірақ халықтың барлық жас санаттарын, соның ішінде балаларды (мысалы, балалар бөлімі бар аурухананы ұстау) қамтитын нақты шығындар.

 

Барлығы индексте 11 ұғым қолданылады.

 

Үкіметте хабарлағандай, Қазақстан балаларының әл-ауқат индексін енгізу өңірлер бойынша балалардың жағдайын жақсартуды тежейтін факторларды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×