Таразда аутистік спектрдің аурулары (РАС) бар балаларды қолдау жөніндегі жаңа «Асыл Мирас» орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов қатысты.
Болат Өтемұратов қорының аутизм орталықтары желісі жұмыс істейтін Тараз Қазақстандағы оныншы қала болды.
Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп ашылған орталық жылына 300-ге жуық баланы қабылдай алады. Мұнда 18 жасқа дейінгі 52 баланың бірінші тобын қабылдауға дайынбыз.
Таразда осындай бірегей орталықтың ашылуы ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамға әлеуметтік интеграциялануына ықпал етеді. Біздің педагогтерімізді аутистік спектрдің аурулары бар балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аутизмді түзетудің озық әдістемелеріне оқытқаны үшін Болат Өтемұратов қорына алғысымды білдіремін, – деп атап өтті облыс басшысы Бердібек Сапарбаев. Болат Өтемұратов қорының » Аутизм. Әлем баршаға ортақ» аутистік спектрдің аурулары бар 11 мыңнан астам бала мен олардың отбасылары жоғары білікті көмек алды. Орталықтардың мамандары Қазақстанда аутизмі бар балаларға көмек көрсетудің неғұрлым тиімді әлемдік практикаларын үздіксіз зерделеумен және енгізумен айналысады.
«Асыл Мирас» орталықтары РАС анықтауға және әлеуметтік, сөйлеу және тұрмыстық дағдылардың тапшылығын жоюға бағытталған интервенцияның алты бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Сабақтар Калифорния университетінің және АҚШ-тың Атланта қаласындағы Marcus Autism Center халықаралық сарапшылары әзірлеген технологиялар бойынша өткізіледі. Әр бала жеке таңдалған бағдарламаға сәйкес үш айлық оқу циклынан өтеді. Орталыққа 18 жасқа дейінгі балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы негізінде жазыла алады. Сабақтар тегін өткізіледі.
Жеті жыл ішінде «Аутизм. Әлем барлығына бірдей» өзінің тиімділігін дәлелдеді. Курсты аяқтағаннан кейін балалардың дағдылары орта есеппен екі есе жақсарады. Біз әрбір жаңа орталықты мақтан тұтамыз, өйткені олардың әрқайсысының артында балалары толыққанды әрі дербес өмір сүруге мүмкіндік алған мыңдаған қазақстандық отбасылардың шынайы тарихы тұр, – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
«Асыл Мирас» орталығы — бұл РАС бар балалардың білім алу қажеттіліктеріне толықтай жабдықталған және бейімделген заманауи кеңістік. Барлық сабақтар ата-аналардың қатысуымен өтеді, осылайша оқыту тек балаларға ғана емес, сонымен қатар жақын ортаға да бағытталған.
Біз «Асыл Мирас» орталықтары бағдарламаларының тиімділігі туралы көптен естідік және енді біздің балаларымыз туған қаласында да көмекті тегін ала алатынына қуаныштымыз. Біз педагогтармен таныстық және сабақтың басталуын асыға күтеміз, — деп бөлісті балалардың бірінің анасы Гүлмира Абжан.