Now Reading
Бейжіңдегі Паралимпиада қарсаңында арнайы құжат жарияланды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Бейжіңдегі Паралимпиада қарсаңында арнайы құжат жарияланды

Бейжіңдегі Паралимпиада қарсаңында арнайы құжат жарияланды

Бейжіңде қысқы Паралимпиаданың ашылуы қарсаңында арнайы құжат жарияланды.

 

Ол Қытайдағы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорт ісін дамытуға арналған. Басылымда ҚХР өмір сүрген жылдар ішінде олардың дене шынықтыруға қатысу дәрежесінің өзгеру процесі сипатталған. Соңғы 6 жылдағы спорттық іс-шараларға мектептер мен университеттерді қоса алғанда, негізгі деңгейде мүгедектігі бар жандардың төрттен бір бөлігі қатыса бастады. Осы кезеңде қытай спортшылары қысқы паралимпиадалық спорт түрлерінің қатысуын екіден алты санатқа дейін кеңейтті.

 

Шаңғымен және конькимен сырғанау саны 50-ден 1000-ға дейін өсті. ҚХР-да барлығы 85 миллион Мүгедектігі бар адам тұрады.

 

Естеріңізге сала кетейік, Паралимпиада Бейжіңде 4-13 наурыз аралығында өтеді. Люй Яньсун, ҚКП ОК насихат бөлімі басшысының орынбасары:

 

— Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың әлемдік спорттық қозғалысына үлес қостық. Құжатта Қытай Бейжіңде Паралимпиада, Шанхайда арнайы Олимпиада ойындарын, Гуанчжоуда Азия паралимпиада ойындарын сәтті өткізгені, Пекинде қысқы Паралимпиада, Ханчжоуда Азия параойындарын ұйымдастыруға бар күшін салғаны жазылған. Бұл Қытайдағы мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спорт ісінің дамуына ықпал етті, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың халықаралық спорт қозғалысының дамуына үлес қосты.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...