Now Reading
Қазақстанда МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін тұлғалар тізімі кеңейтілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін тұлғалар тізімі кеңейтілді

Қазақстанда МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін тұлғалар тізімі кеңейтілді

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен мемлекет медициналық сақтандыру қорына жарналар төлейтін тұлғалар тізбесіне өзгерістер енгізілді.

 

Енді мемлекеттің МӘМС-ке жарналары үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін тұлғалар және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар үшін де төленетін болады.

 

Бұл тізімге мыналар кіреді:

 

балалар;

 

жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

 

жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

 

баланы үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтіндер (баланың заңды өкілдерінің бірі);

 

жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

 

мүгедектігі бар баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

 

зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

 

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда)сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

 

тергеу изоляторларындағы адамдар;

 

жұмыс істемейтін қандастар;

 

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

 

мүгедектігі бар адамдар;

 

орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар;

 

жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

 

Бұйрық 2022 жылғы 28 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

+2
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...