Заңмен 2022 жылғы 1 сәуірден бастап жаңа есептік көрсеткіштер белгілеу жоспарлануда. «Ашық НҚА» сайтында «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жарияланды.
Мәселен, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 20 191 теңгені (қазіргі уақытта 19 450 теңге), ал ең төменгі зейнетақы мөлшері – 48 032 теңгені құрайды. Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңгені (қазіргі уақытта 3 063 теңгені) құрайды. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 37 389 теңгені (қазіргі уақытта 36 018 теңге) құрайды.
Құжат жоба күйінде. Бұл өзгерістер әлі талқыланатын болады, бірақ әлі қабылданған жоқ. Жоба 2022 жылдың 21 сәуіріне дейін көпшілік талқылауында болады.