Now Reading
Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығында 18 млн теңгеге 1 келі макарон сатып алғысы келді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығында 18 млн теңгеге 1 келі макарон сатып алғысы келді

Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығында 18 млн теңгеге 1 келі макарон сатып алғысы келді

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізуде. Осылайша, ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша сатып алу бағасының төмендеуінің жалпы сомасы 581,9 млн теңгені құрады.

 

Мониторинг бірқатар мемлекеттік органдар мен өңір квазимемлекеттік секторының ұйымдарында жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны көтеру фактілерін көрсетті.

 

Мәселен, облыстық фтизиопульмонология орталығының басшылығы Департаменттің ұсынымдық хатынан кейін қайта қарап, жалпы сомасы 150 млн теңгеге 100 мың респиратор сатып алудан бас тартты және 150 теңгеден 10 қалам сатып алуды жоспарлады. Айта кету керек, бір жеке қорғаныс құралының орташа бағасы 493 теңгені құрайды.

 

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин қате мәліметтер жиі кездесетінін атап өтті.

 

Мысал ретінде «Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ жоспары келтірілген. Мекеме 17 776 750 теңгеге бір килограмм макарон сатып алуды жоспарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуы нәтижесінде килограмм үшін 250 теңге бағасымен жалпы сомасы 23 250 теңгеге оны сатып алу туралы шешім қабылданды.

 

Сондай-ақ, Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімі аппаратында 48,1 млн теңге сомасына бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының жолы кесілді. Мемлекеттік орган алдағы жылыту маусымына тоннасына 933 812 теңге бағамен 52 тонна тас көмір сатып алуды жоспарлады.

 

Жыл басынан бері облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жоспарланған сатып алу бағасын көтерудің 32 фактісін анықтады, олар бойынша 24 Мемлекеттік орган бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×