Болгарияда пара таеквондо бойынша «София-2022» Гран-приінің әлемдік сериясы аяқталды, деп хабарлайды РМҚК «дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы».
Жарысқа әлемнің 25 елінен 85 спортшы қатысты. Бұл Париж-2024 XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысуға лицензия алу үшін іріктеу турнирі болды.
Турнирде 4 спортшы ел намысын қорғап, 2 спортшы жүлделі орындарға ие болды. Ерлер арасында +80 кг салмақта Нышан Өмірәлі үшінші орынды иеленді. Бірінші раундта ол Жапониядан келген спортшыны жеңді, ал жартылай финалда Өзбекстаннан келген спортшыдан ұтылды.
Сондай – ақ әйелдер арасында Камиля Досмалова 57 кг салмақта жартылай финалда Түркиядан келген спортшыдан жеңіліп, қола медальға ие болды.