Now Reading
Қазақстанда алғашқы онлайн-бос орындар жәрмеңкесі басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда алғашқы онлайн-бос орындар жәрмеңкесі басталды

Қазақстанда алғашқы онлайн-бос орындар жәрмеңкесі басталды

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 27-29 маусым аралығында өтетін Электронды еңбек биржасында жастарға арналған бірінші онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ашты.

Жәрмеңкеге 23 ірі қазақстандық жұмыс беруші қатысып, 50-ден астам мамандық бойынша 1320 бос жұмыс орнын ұсынды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы өзінің құттықтау сөзінде Бос орындар жәрмеңкесі жас мамандарға отандық экономиканың флагманы болып табылатын кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға нақты мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Электрондық еңбек биржасының арқасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 1 мыңнан астам жастың еліміздің ірі кәсіпорындары ұсынған 50-ден астам кәсіпті қамтитын 1320 бос орынға жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Осы Бос орындар жәрмеңкесін қолдаған барлық компанияларға үлкен алғысымды білдіремін. Осындай іс – шараға алғаш рет қатысып отырған жастарға: асықпаңыз, қорықпаңыз, бүгін сіздің күніңіз», — деді Тамара Дүйсенова.

27 маусым күні еңбек жолын бастаған жас мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі шеңберінде «тиімді жұмыс іздеу» тақырыбында шеберлік сыныбы ұйымдастырылады, онда оларға түйіндемені қалай дұрыс рәсімдеу, жұмыс берушілермен сұхбат өту кезінде өзін қалай ұстау, қандай сәттерге назар аудару қажет екенін үйретеді.

27-29 маусым аралығында әрбір жұмыс беруші өз компаниясының тұсаукесерін өткізеді, оның аясында жұмыс шарттары, ашық бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және т.б. туралы айтылады. Бірқатар үміткерлер тікелей эфирде онлайн сұхбаттан өтеді.

Онлайн-бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында қызметкерлерді табуға шешім қабылдаған жұмыс берушілердің арасында Еуразиялық топқа (ERG) және тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығына кіретін компания сияқты кәсіпорындарды атап өтуге болады, мысалы: Kaspi.kz, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, ЖШС «КАТКО», ЖШС «Ernst & Young Kazakhstan», ЖШС «Eurasia Group Kazakhstan», ЖШС «Magnum Cash & Carry» , ЖШС «Бірінші несие бюросы» және басқалар.

Алдағы уақытта осындай жәрмеңкелер халықтың түрлі топтары үшін ай сайын ұйымдастырылатын болады.

+1
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×