Now Reading
Тұрғын үй көмегін көрсету туралы
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Тұрғын үй көмегін көрсету туралы

Тұрғын үй көмегін көрсету туралы

Елордада тіркелген және тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйге), сондай-ақ тұрғын үйді жалға алушыларға (қосымша жалдаушыларға) коммуналдық шығыстары отбасының жалпы табысының 5%-ынан асатын мемлекеттік тұрғын үй қоры мен жергілікті тұрғын үй атқарушы орган қорынан тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

 

Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгiленген тұрғын үймен қамтамасыз ету нормасы өтемдік шаралармен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы, бiр адамға он сегiз шаршы метр деп қабылданады.

 

Жалғыз тұратын аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін стандартты тұрғын үй ауданы ретінде отыз шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бір бөлмеден кем емес алаң алынады.

Өтініштерді қабылдау және осы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру тоқсанына бір рет жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш жасайды.

 

Толық кеңес алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

Алматы облысының тұрғындары үшін — 55-14-87, +77017348374

Байқоңыр ауданының тұрғындары үшін — 55-72-32, +77759629157

Есіл ауданы тұрғындары үшін — 55-74-50, +77024339336

Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін — 55-01-74, +77025468695, +77016216299

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...