Қазақстанда цифрлық және электронды құжаттар қағаз немесе пластикалық түпнұсқаларға тең болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік пен білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Қабылданған заңға сәйкес, мемлекеттік органдар бұдан былай цифрлық аналогтардан басқа көк мөрі бар түпнұсқа құжаттарын талап ете алмайды. Құжаттарды шығарудың экстерриториалдық принципі енгізілген. Оларды кез келген ХҚКО-да алуға болады. Соның ішінде заң деңгейінде ақпараттық жүйелерде бар болған жағдайда мемлекеттік органдардың құжаттарды талап етуіне тыйым салынады.
Электрондық мемлекеттік қызмет моделіне деген көзқарас та қайта қаралды. Бірыңғай электронды үкімет платформасы үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге отандық IT-компаниялардың қатысуын қолдау нормалары енгізілді.
Заң нормаларында Отанына оралған қандастар тек туу туралы куәлікті ғана емес, барлық азаматтық хал актілерін қалпына келтіріп, электронды қызметтерге қол жеткізе алатынын қарастырады.
Тоқаев қол қойған құжатта ұялы байланыс операторлары
ның қызмет сапасына жауапкершілігін күшейту бөлігінде әкімшілік кодекске бұрын басталған өзгерістерге қатысты бірқатар нормалар да ұсынылған. Сонымен қатар, тиісті құзыреттер енгізілді, цифрлық трансформация, реинжиниринг және деректерді басқару кезеңдері мен рәсімдері сипатталды.