Now Reading
Қызылорда әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың ақшасын иеленіп алған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қызылорда әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың ақшасын иеленіп алған

Қызылорда әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандардың ақшасын иеленіп алған

Алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан прокурорлары мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын бұзудың 1800-ден астам фактісін анықтады. Қадағалау органдарының араласуы осы санаттағы 11 мың азаматтың құқығын қорғауға көмектесті, деп хабарлайды Бас прокуратураның сайты.

Мәселен, жеті аудан мен қалада мүгедектігі бар жандарға жұмысқа орналасуға арналған квоталар ұлғайтылды. Қостанай облысында психоневрологиялық интернатта тұратын азаматтың пәтеріне үшінші тұлғаның меншік құқығын беретін сот шешімінің күші жойылды.

Алматыда прокурорлар жетім балаларға арналған «Жанұй» арнайы кешенінің 23 тәрбиеленушісіне 5-10 жылға кешіктірілген мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындалғанын анықтады. Қадағалаушы органның араласуынан кейін кінәлілер есебінен жетім балаларға 10,6 миллион теңге өтелді. Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі 40 студентке мемлекеттік шәкіртақы алуға көмек көрсетілді.

Қылмыстық фактілер де анықталып, олар бойынша 12 тергеу басталды. Мәселен, Қызылорда облысында «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері өз қамқорлығындағылардың ақшасын, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақыны өздеріне аударған. Аталған факті бойынша алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 336 қадағалау актісі ұсынылып, 130 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 65 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, екеуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады Бас прокуратура.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×